Қош келдіңіз!

Сот орындаушыларына хабарлама

"Tengri Bank" акционерлік қоғамының Тарату комиссиясы (бұдан әрі - Tengri Bank) осы арқылы лицензиядан айырылған күннен бастап (18.09.2020 жылдан бастап) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 48-1 бабы 1-тармағының 1) тармақшасында келтірілген жағдайларды қоспағанда, Tengri Bank банктік немесе өзге қызметті жүзеге асырмайтынын, клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялардың тоқтатылғанын хабарлайды. Банктер туралы заңға сәйкес Банктің Тарату комиссиясы Банктің істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. Тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30 қараша 2020 жылғы No 114 қаулысымен бекітілген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларында және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарда (бұдан әрі – No114 Қағидалар) айқындалады. Банк кредиторының көрсетілген Қағиданың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес таратылатын банкке азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға болып табылатынын ескеру қажет.

Банктер туралы заңның, No114 Қағиданың ережелерін назарға ала отырып, 18.09.2020 жылдан бастап Tengri Bank сот орындаушыларының Банк клиенттерінің шоттары бойынша тыйым салу және инкассалық өкімдерді орындау туралы талаптарын орындауға құқылы емес. Бұл ретте Tengri Bank клиенттерінің шоттарына қойылған және оның лицензиясынан айырылғанға дейін жұмысқа қабылданған сот шешімдері бойынша атқарушылық құжаттар орындалмай қайтарылды деп есептеуді сұраймыз.

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 48-1 бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Банк барлық банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап кредиторлардың, Мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша Банктің банк шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ Банктің мүлкінен өндіріп алуға жол берілмейді.

Өтінімді рәсімдеу
Өтінімді рәсімдеу
Өтінімді рәсімдеу
Өтінімді рәсімдеу
Түйіндемені жіберу
Сіздің ТАӘ:
Хабарлама тақырыбы
Сіздің түйіндемеңіз:
Ілеспе хат:
Кредитті алдын ала рәсімдеу
Клиент
Байланыс ақпараты
Қазіргі кездегі жұмыс орны:
Қарыз алушының ай сайынғы кірістері:
Ай сайынғы шығыстар:
Авторландырылған жолдау
Сіз


* Внимание! Банк не сможет оповестить Вас о ходе рассмотрения обращения при отсутствии контактных данных. Для подачи авторизованного сообщения, перейдите по ссылке https://tengribank.kz/compliance_control