Клиенттерге хабарландыру
Құрметті "Tengri Bank" АҚ клиенттері,
Осы арқылы, Сіздерді 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 29 қараша 2019 жылғы No231 "Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулы күшіне енетін болады. Көрсетілген Қағиданың 29 тармағына сәйкес қолма-қол ақшаны заңды тұлға клиентке беру қолма-қол ақша берілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға клиент ұсынған қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінім бойынша банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде, Сіздерден 2020 жылдың қаңтарынан бастап банктік шоттардан теңгеде немесе шетел валютасында қолма қол ақша алу үшін банкке қолма қол ақша алу туралы өтінімді қолма қол ақша берілетін күннен бір жұмыс күні бұрын алдын ала берулеріңізді сұраймыз.
2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап Банктің алдын ала өтінімсіз заңды тұлғаларға қолма қол ақша беруге құқығы болмайды.
Құрметті "Tengri Bank" АҚ клиенттері,
Осы арқылы, Сіздерді Банктің бюджетке қабылданған төлемдер туралы мәліметті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес "электронды үкімет" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жедел түрде (төлем жүргізілген сәттен бастап 15 минут ішінде) жіберу механизімін іске асырғаны туралы хабардар етеміз.