Қош келдіңіз!

Құрметті «Tengri Bank» АҚ-ның төлем карточкаларын ұстаушылар!

Банктің барлық қолданыстағы төлем карточкалары бойынша Cashback қызметі қолжетімді.

Cashback - Клиентке сауда/қызмет көрсету кәсіпорындары желілерінде тауарлардың/қызметтердің ақысын карточканы пайдалану арқылы төлеу бойынша жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлем сомасы бөлігінің қайтарылуы.

Cashback мөлшері:
1. Visa Classic Unembossed және Visa Classic карточкалары бойынша - транзакция сомасының 0,5%;

2. Visa Gold және Visa Infinite карточкалары бойынша- транзакция сомасының 1%;

3. Mastercard Standart/Mastercard Unembossed карточкалары бойынша – транзакция сомасының 0,5%;

4. Mastercard Gold карточкасы бойынша  – транзакция сомасының 1%;

5. Mastercard Platinum карточкасы бойынша  – транзакция сомасының 1,2%;

6. Mastercard Black Edition карточкасы бойынша  – транзакция сомасының 1,5%.

Шотқа Cashback айына бір рет, есептік айдан кейінгі айдың 10-ы есептеледі. Айдың 10-ы демалыс немесе мейрам күндеріне сай келсе, Шотқа Cashback төлемі демалыс/мейрам күндерінен кейінгі алғашқы жұмыс күні жүргізіледі.

Cashback келесі операциялар бойынша төленбейді:
1. интернет желісі;
2. казино, букмекерлік кеңселер және ломбардтар;
3. коммуналдық және телекоммуналдық қызметтер;
4. айыппұлдар және бюджетке төленетін төлемдер;
5. банкоматтар/POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақша беру.

Cashback негізгі және қосымша карточкаларды қолдану арқылы жүргізілген операциялар бойынша есептеледі.

Банк біржақты тәртіпте сashback мөлшерін белгілеуге/ұлғайтуға/төмендетуге, сондай-ақ,

Клиентті хабардар етпей, кез келген уақытта өз қалауымен осы қызметтің ұсынылуын тоқтатуға/жаңартуға құқылы.

Cashback есептелген, Карточка бойынша сатып алынған зат қайтарылған жағдайда, бұрын есептелген Cashback сомасы қайтарылады.

Cashback қызметі бойынша сұрақтар мен жауаптар

Өтінімді рәсімдеу
Өтінімді рәсімдеу
Өтінімді рәсімдеу
Өтінімді рәсімдеу
Түйіндемені жіберу
Сіздің ТАӘ:
Хабарлама тақырыбы
Сіздің түйіндемеңіз:
Ілеспе хат:
Кредитті алдын ала рәсімдеу
Клиент
Байланыс ақпараты
Қазіргі кездегі жұмыс орны:
Қарыз алушының ай сайынғы кірістері:
Ай сайынғы шығыстар:
Авторландырылған жолдау
Сіз


* Внимание! Банк не сможет оповестить Вас о ходе рассмотрения обращения при отсутствии контактных данных. Для подачи авторизованного сообщения, перейдите по ссылке https://tengribank.kz/compliance_control