Қош келдіңіз!

Комплаенс-бақылау қызметі

Құрметті «Tengri Bank» АҚ клиенттері мен серіктестері! 

«Tengri Bank» АҚ Комплаенс-бақылау қызметінің ресми парағына кіргендеріңізге қуаныштымыз! Біздің Банк сенімді қаржы институты ретінде ішкі бақылау және комплаенс-тәуекелдерді басқару жүйесін дамытуға және жетілдіруге ерекше мән береді.

Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, өзінің ішкі құжаттарында және органдарының, лауазымды тұлғалары мен бөлімге басшыларының шешімдерінде көрсетілген жеке мүддесін басшылыққа ала отырып, комплаенс-тәуекелдерін басқарады.

Комплаенс-тәуекелдерін басқару барысын ұйымдастыру мақсатында Банкте Комплаенс-бақылау қызметі құрылды, ол тікелей Банктің Директорлар кеңесіне бағынады.

Комплаенс-бақылау қызметі Банк қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасы, уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің, банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарының талаптарына, сондай-ақ банк қызметіне ықпал ететін шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкестігін бақылайды.

Төменде көрсетілген жағдайлар анықталған кезде кез келген тұлға Комплаенс-бақылау қызметіне жүгіне алады:

- Банктің немесе Банк қызметкерінің қолданыстағы заңнаманы, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін және Банктің ішкі рәсімдерін бұзу фактілері.

- Банк қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық және алаяқтық фактілері.

- Банк қызметкерлерінің банктік құпияны заңсыз ашуы.

- Банк қызметін пайдаланып заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру фактілері.

- Банк қызметкерлерінің қатысуымен мүдделер шиеленісі.

- Банк қызметкерлерінің іскерлік этика нормаларын бұзуы.

- Банк қызметімен байланысты өзге бұзушылықтар.

Комплаенс-бақылау қызметіне хабар жіберу үшін сіз «Авторландырылған жолдау» нысанын пайдалана аласыз. Бұл нысанды пайдалану үшін «Авторландырылған жолдау» сілтемесімен төмен қарай жүру керек.

Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді көрсеткіңіз келмесе, сіз «Жасырын жолдау» нысанын пайдаланып, жасырын хабар жолдауға құқылысыз. Комплаенс-бақылау қызметі бұл жағдайда жасырын жолдауларды қарауға қабылдау/қабылдамау құқығын өзіне қалдырады. Жасырын жолдау жіберу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз: https://kz.tengribank.kz/anonymous_referral

Өтінімді рәсімдеу
Өтінімді рәсімдеу
Өтінімді рәсімдеу
Өтінімді рәсімдеу
Түйіндемені жіберу
Сіздің ТАӘ:
Хабарлама тақырыбы
Сіздің түйіндемеңіз:
Ілеспе хат:
Кредитті алдын ала рәсімдеу
Клиент
Байланыс ақпараты
Қазіргі кездегі жұмыс орны:
Қарыз алушының ай сайынғы кірістері:
Ай сайынғы шығыстар:
Авторландырылған жолдау
Сіз


* Внимание! Банк не сможет оповестить Вас о ходе рассмотрения обращения при отсутствии контактных данных. Для подачи авторизованного сообщения, перейдите по ссылке https://tengribank.kz/compliance_control