Қош келдіңіз!

«Tengri Bank» АҚ кредиторларының талаптары тізілімінің төртінші кезегіндегі кредиторлардың банктік деректемелерін беруі туралы

          Үшінші кезектегі кредиторлармен есеп айырысулардың аяқталуына байланысты, «Tengri Bank» АҚ Тарату комиссиясын (бұдан әрі – Банк)  Банк кредиторларының талаптары тізілімінің төртінші кезегіндегі кредиторларға төлемдерді жүзеге асыратын болады.
          «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес төртінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалардың депозиттері, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етілгенге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары бойынша талаптар, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша, «өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады.
          Төртінші кезектегі Банк кредиторларының назарын таратылатын банктің мүлкі бір кезектің барлық танылған талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде таратылатын банктің ақшасы және (өзге) мүлкі осы кезектегі кредиторлар арасында кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандыруға жататын талаптардың сомаларына пропорционалды түрде бөлінетініне аударамыз.
          Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Банкке келесілерді ұсынуды сұраймыз:
          - Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған ағымдағы  шоттың (әлеуметтік төлемдерге арналмаған) болуы туралы анықтама;
          - ақша қаражатын аудару туралы еркін нысандағы өтініш;
          - жеке басын растайтын құжат.

          Банктік деректемелерді мына мекенжайға жіберу қажет: 050000, Алматы қ., Абай даңғылы, 10а үй, "A&F" Бизнес орталығы, 4 қабат, «Tengri Bank» АҚ немесе электрондық пошта арқылы: info@tengribank.kz (хабарлама тақырыбын көрсете отырып).
          Барлық сұрақтар бойынша +7 (727) 244 92 96 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз.

01.12.2022
Басқа жаңалықтар
Өтінімді рәсімдеу
Өтінімді рәсімдеу
Өтінімді рәсімдеу
Өтінімді рәсімдеу
Түйіндемені жіберу
Сіздің ТАӘ:
Хабарлама тақырыбы
Сіздің түйіндемеңіз:
Ілеспе хат:
Кредитті алдын ала рәсімдеу
Клиент
Байланыс ақпараты
Қазіргі кездегі жұмыс орны:
Қарыз алушының ай сайынғы кірістері:
Ай сайынғы шығыстар:
Авторландырылған жолдау
Сіз


* Внимание! Банк не сможет оповестить Вас о ходе рассмотрения обращения при отсутствии контактных данных. Для подачи авторизованного сообщения, перейдите по ссылке https://tengribank.kz/compliance_control