Қаратпа сөз
Құрметті клиенттер,
біз Банкте қалыптасқан жағдайдың сіздерді қатты алаңдатып отырғанын жақсы түсінеміз және сабырлық сақтауларыңызды сұраймыз. Біз барлық мәселелерді мүмкіндігінше тезірек оңды шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз.
Бұрынғыдай, "Tengri Bank" АҚ өз клиенттері мен серіктестері алдындағы барлық міндеттемелерді орындауға дайын екендігін мәлімдейді.
Қазіргі таңда операцияларды кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Проблемалы кредиттерді қайтару, кепіл мүлкін өндіріп алу және сату бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.
"Tengri Bank" АҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатынын атап өткіміз келеді. Жеке тұлғалардың теңгедегі және шетел валютасындағы салымдары, оның ішінде төлем карточкалары мен банктік шоттарындағы ақша бекітілген лимиттер шеңберінде Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігімен қорғалған.
Осыған байланысты Банктің клиенттеріне және серіктестеріне – біз жұмысымыздың жемісті болуына ұмтыламыз, біздің мақсатымыз – клиенттермен сенімді қарым-қатынасты қалпына келтіру болып табылады деп айтамын. Біз Сіздерге шыдамдылықтарыңыз бен бізге көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамыз. Бізбен бірге қалуларыңызды сұраймыз.
Активтер бойынша өсім
Таза кіріс бойынша өсім
Басқару
Тарих
Мансап
Tengri Bank-пен бірге Сіз армандаған мансабыңызға қол жеткізе аласыз! Жаңадан бастап жүрген маман немесе жұмыс тәжірибесі зор маман екеніңізге қарамастан, біз Сізді Банктің қарқынды дамып жатқан кәсіпқой мамандары командасының мүшесі болуға шақырамыз. Бізде мансаптық даму және тұлға ретінде өсу үшін барлық жағдайлар жасалған. Солардың арқасында Сіз Tengri Bank-те табысты мансапқа қол жеткізе аласыз.
Tengri Bank құрылымдарында табысты жұмыс істейді
мансабыңызға өзіңізге жақын жерде қол жеткізіңіз
жыл сайын біздің командамызда